Абай облысында алимент төлеушілер балаларына 30 млн теңге қарыз

491

Өңірде ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың құқығы бұзылған.

Абай облысында алимент төлеушілер балаларына 30 млн теңге қарыз

Бородулиха ауданының прокуратурасы балалар орталығында тәрбиеленіп жатқандардың құқықтарының қорғалуына талдау жүргізді, деп жазады inbusiness.kz

Нәтижесінде орталық басшысының тарапынан алимент өндіру бойынша шараларды қабылдамау дерегі анықталып отыр. 

"Барлығы 30 млн теңгені құрайтын алимент төлемеудің 14 фактісі анықталды. Оның ішінде 5 дерек бойынша ҚР ҚК-нің 139-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бүгінде 2 борышкер сотталды", - деп хабарлады облыстық прокуратура. 

Бұдан бөлек балалар орталығының басшылығы жауапкершілікке тартылды.

Құзырлы органның мәліметінше, қазіргі таңда 1 млн теңгеден астам алимент берешегі өтелген. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу