Аңшылық алқаптарды бекіту браконьерлікті төмендету, сондай-ақ жануарлар дүниесін қорғау мен өсімін молайту мақсатында жүргізіледі. Алқаптар бекітілгеннен кейін шаруашылықтар жануарлар дүниесін қорғау және жануарларды азықтандыруға міндетті болады, деп хабарлайды inbusiness.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
Заңсыз аңшылықты азайту, сондай-ақ жануарлар дүниесін қорғау мен өсімін молайтуды қамтамасыз ету мақсатында бекітілген аңшылық алқаптарында аңшылық шаруашылықтар шарт аясында биотехникалық іс шараларды жасауы міндеттеледі. Бұл азықтандыру алаңдарын, арнайы жабдықтарды орнату, тұз, шөп пен астық қалдықтарын дайындау.
Сондай-ақ, жануарлар түрлерінің санын есепке алу, деректерді талдау және қорыту жүргізетін болады.