Абай облысында аспалы көпір үзіліп, 3 адам көз жұмды

260

Қайғылы жағдай Аягөз ауданы Ақшәулі ауылында орын алды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Абай облысында аспалы көпір үзіліп, 3 адам көз жұмды Фото: бейнеден скриншот

Шаруа қожалығының 3 жұмысшысы ағаш аспалы көпір арқылы мотоцикл алып өтпек болған.

Куәгерлердің айтуынша, марқұмдар тепе-теңдік сақтай алмай, барлығы өзенге құлап кеткен. 

Құтқарушылар кеше 1980 және 1978 жылы туған 2 азаматтың денесін тапты. Артынша, 1967 жылы туған үшінші ер адамның мәйіті судан шығарылды.

Абай облысының Полиция департаменті тергеу амалдарын қолға алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу