Абай облысында ауыл тұрғындары көне құран тауып алды

1179

Үй ауласында шарбақ орнату үшін шұңқыр қазғанда көне жәдігердің  үстінен дөп түсіпті.  

Абай облысында ауыл тұрғындары көне құран тауып алды Фото: inbusiness.kz

Абай облысындағы Қоянбай ауылының тұрғындары жер қазып жатып көне құран кітап тауып алған. Құранның біраз бөлігі күрек тиіп бүлінген. Ал қалғанын тұтас күйінде аршып алған. Кітаптың қай ғасырға тиесілі екендігі белгісіз. Бірақ, әбден ескірген беттерінен жазулары анық көрініп тұр.

Тапқандар оны енді мамандарға беруге дайын. Жәдігер шыққан маңда ежелде мешіт болған деген болжамдар бар. Сондықтан жер астына өзге де құнды заттар жасырылған болуы мүмкін-дейді тұрғындар.

- Ағаларыммен бірге жер қазып жатыр едік. Кенеттен кітап беттері сияқты заттар, топырақпен аралас шыға бастады. Арабша жазылған қағаз екендігін байқады. Топырақты ақырындап аршып қалған бөлігін алып шықтық. Ештеңеге оралмаған. Беттеріне жылдар бойы ылғал тиіп бір-біріне жабысып қалған екен. Енді оны мамандар бір-бірден ажыратар. Қазір үйде тұр. Біз оны сұраған мамандарға беруге дайынбыз-дейді Сәбит Мұқанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу