Абай облысының Жарма ауданында республикалық маңызы бар автожолда қозғалыс шектелуіне байланысты Калбатау ауылының блок-бекетінде "Зайсан – Өскемен" бағытындағы 35 жолаушысы бар автобус қалып қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"ТЖМ құтқарушылары полиция және жергілікті атқарушы органдармен бірге 35 адамды, оның ішінде 5 бала, жақын маңдағы жылыту пункттеріне жеткізіп орналастырды. Медициналық көмек ешкімге қажет болмады", – делінген ведомство хабарламасында.
ТЖМ дауылды ескертулерді ескеруді және ауа райы нашарлаған жағдайда елді мекеннен тыс жерлерге шықпауды ұсынады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу