Абай облысында азық-түлік бағасы қымбатқа сатылған

107

Прокурорлар аймақта әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасында заңбұзушылықты анықтады.  

Абай облысында азық-түлік бағасы қымбатқа сатылған Фото: ortalyq.kz

Аягөз ауданында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жүргізген талдау барысында 19 түрлі тауардың 6 түрі белгіленген шекті бағадан жоғары бағамен сатылғанын анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Абай облыстық прокуратурасының мәліметінше, жергілікті атқарушы органдар облыс орталығына нақты бағаларды төмендетіп көрсеткен жалған мәлімет ұсынған.

Картоптың шекті бағасы 275 теңге болып белгіленсе, оның нақты сатылу бағасы 415 теңгені құраған (+44%). Ұқсас баға өсімдері сәбіз, пияз, қырыққабат, сүт және айран өнімдері бойынша да тіркелді.

Мониторингтің болмауы мен әлеуметтік дүкендердің жоқтығы заңнама талаптарына қарамастан, жергілікті атқарушы органдар тиісті баға мониторингін жүргізбеген. Бұл жағдай бағаның өсуіне бақылаудың болмауына және деректердің бұрмалануына әкелген. Сондай-ақ, ауданда әлеуметтік осал топтарға арналған әлеуметтік дүкендердің мүлде жоқтығы анықталды.

Прокуратура араласқаннан кейін баға мониторингі күшейтілді, сауда нүктелерімен шекті бағадан асырып сатуға жол бермеу бойынша жұмыс басталды.

Аягөз қаласындағы 2 дүкенмен әлеуметтік маңызы бар тауарларды төмендетілген бағамен сату туралы келісім жасалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу