Абай облысында бақшасында есірткі өсірген азамат ұсталды

470

Полицейлер ауыл тұрғынынан 4,8 мыңнан астам қарасора бұтасын тәркілегенін атады.   

Абай облысында бақшасында есірткі өсірген азамат ұсталды Фото: Arnapress.kz

Абай облысының жергілікті тұрғыны өз үйінің бақшасында тыйым салынған есірткілік шөптерді өсіргені анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазіргі уақытта осы дерек бойынша қылмыстық кодекстің 300-бабының 1-бөлігі бойынша, яғни құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру дерегі бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. 

"22 маусымда "Қарасора-2023" арнайы іс-шарасын өткізу барысында Абай облысының полиция қызметкерлері Бесқарағай ауданында есірткі заттарын заңсыз өсіру дерегін анықтады. "Старая Крепость" ауылында полиция қызметкерлері қоршалған арнайы плантацияны тапты. Тексеру барысында 39 жастағы көкөніс бақшасының иесін анықтады. Қазіргі уақытта тексеру бойынша тиісті жайттар анықталуда", - деп жазылған өңірлік ПД таратқан ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу