Абай облысында балабақша есепшісі 2,5 млн теңге жымқырған

314

Ол 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды

Абай облысында балабақша есепшісі  2,5 млн теңге жымқырған Фото: Polisia.kz

Абай облысында балабақша есепшісі  2,5 млн теңгеден астам қаржыны қалтаға басқан, деп хабарлайды  Inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Абай облысына қарасты Жарма ауданында балабақша есепшісі 2,5 млн  теңгеден астам қаражатты өзіне заңсыз аударған. Белгілі болғандай, есепші мекеме басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасына қол жеткізе отырып, оның көмегімен ақшалай қаражатты есептеу және аудару бойынша барлық қаржылық операцияларды жүзеге асырған. “Onlinebank HALYK” бағдарламасы арқылы жалған электрондық төлем шоттарын жасаған. Әйел өзінің лауазымын асыра пайдаланып, 3 жыл бойы осы әдіспен өз есепшотына ақша аударып жүрген", делінген хабарламада.

Осылайша, қылмыстық әрекеттердің салдарынан есепші балабақшаға жалпы сомасы 2,5 млн теңге көлемінде материалдық шығын келтірді. Қазіргі уақытта есепші өзінің кінәсін толық мойындады және мемлекетке келтірген материалдық залалды өтеді. 

Сондай-ақ, сот заттай дәлелдемелерге сүйене отырып, сотталушыны кінәлі деп танып, 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру және өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан айыру түрінде үкім шығарды. Әйелдің 14 жасқа толмаған 3 баласы бар болғандықтан ҚР ҚК-нің 74-бабының 1-бөлігіне сәйкес, бас бостандығынан айыру түріндегі тағайындалған жазаны орындау 5 жылға кейінге қалдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу