Абай облысында балалар үйінің басшылығы 6 миллион теңге ұрлаған

964

Бұл туралы inbusiness.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Абай облысында балалар үйінің басшылығы 6 миллион теңге ұрлаған Фото: yandex.kz

Абай облысы Үржар ауданының прокуратурасы Науалы балалар үйінің әкімшілігі қызметкерлерінің бюджет қаражатын 6 миллион теңгеден астам сомаға ұрлау фактісін анықтады.

"Балалар үйінің директоры мен бас бухгалтері өздеріне жоғары жалақы төлеген, сондай-ақ, жоғары сыйлықақылар мен іссапар шығындарын тізімдеді. Жымқыру штат кестесі мен қазынашылық есептерді салыстыру барысында анықталды, онда тиісті жалақы мен нақты төленген жалақы арасындағы айырмашылық пайда болды.

Сонымен қатар, "Өлі жандар"деп аталатын жұмыс істемейтін адамдарға жалақы төленген", делінген ведомство хабарламасында.

Балалар үйі басшылығының заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке залал келтірілді.

Осы факті бойынша прокуратура Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігінің 2, 3-тармақтары бойынша қылмыстық іс қозғады. Істі сотқа дейінгі тергеу сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тапсырылды.

Осы баптың санкциясы белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым сала отырып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу