Абай облысында балаларына алимент төлеуден бас тартқан әке сотталды

106

Оның берешегі 8 млн теңгеге жеткен.  

Абай облысында балаларына алимент төлеуден бас тартқан әке сотталды Фото: canva

Семей қаласының 38 жастағы тұрғыны 11 жыл бойы өзінің кәмелетке толмаған 2 баласына алимент төлемеген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ер адам 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартыла отырып, 1 жыл бас бостандығынан шектеу жазасына тартылды.

Сотталған адам Семей қаласының Затон ауданының пробация қызметіне есепке қойылды. Есепке қою кезінде сотталған адамға бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібі мен шарттары түсіндірілді.

Бірақ жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, сотталған адам жазасын өтеу тәртібін бұзған, ол тіркеуге келмей, түнгі уақытта тұрғылықты жерінен кетіп қалған.

Көп ұзамай оның орналасқан жері туралы ақпарат алу үшін электронды бақылау құралы қолданылды. Қызметкерлер базаны бақылау кезінде оның тұрғылықты жерінен бірнеше рет кеткенін анықтады. Ал сотталған достарымен сыра ішуге шыққанын мойындады, бұл үшін ол бас бостандығын шектеу жазасы қалған 8 айға бас бостандығынан айыруға ауыстырылды.

"Абай облысы бойынша жыл басынан бері 99 сотталғанға электронды бақылау құралдары тағылды, 19 сотталғанның бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеу шарттарын бұзғаны үшін жазаны ауыстыру материалдары сотқа жіберілді", - дейді Затон ауданының пробация қызметінің бастығы Ерлан Қадырманов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу