Абай облысында баланы зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды

541

Абай облысында кішкентай қызды зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Абай облысында баланы зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды

"14 тамыз күні кішкентай қызды зорлау фактісі бойынша анасының арызы негізінде облыстық Полиция департаментінде сотқа дейінгі тергеу басталды. Сотқа дейінгі тергеу барысында ҚР Қылмыстық кодексінің 120 және 121-бабының 4-бөлігінде көзделген іс-әрекеттер бойынша айып тағылған күдікті адам анықталды", – деді полициядан.

Сол күні күдіктіге қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған. Күдікті 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

"Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Істің барлық мән-жайын зерттеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Балаға медициналық көмек көрсетілді. Қылмыстық істі тергеу және болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау Департамент басшылығының ерекше бақылауына алынды", – делінген ұсынылған мәліметте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу