17 шілде күні 07:14 шамасында Көкентау ауылдық округінде құрғақ шөптің жануы басылды.
Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша жалын шарпыған аймақ - 3 000 гектар.
Қазіргі уақытта сөндіру жұмысы жерүсті әдісімен жүзеге асып жатыр.
Елді мекендерге қауіп жоқ.
Тілсіз жаумен күреске жергілікті атқарушы органдардың, Абай облысы ТЖД және 68303 әскери бөлімінің күш-құралдары, барлығы 115 адам және 18 техника жұмылдырылды.
Естеріңізге сала кетейік, 15 шілде күні "101" пультіне Семей қаласынан 75 км жерде Көкентау ауылдық округінде таулы жерде құрғақ шөптен өрт шыққаны туралы хабар түскен болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу