Абай облысында үлкен көлемде есірткі табылды

128

Абай облысында полицейлер "Қарасора - 2025" және "Дәрмек" жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында аса ірі көлемдегі есірткі тәркіленді.    

Абай облысында үлкен көлемде есірткі табылды Фото: polisia.kz

Абай облысында полицейлер өзге облыстың 33 жастағы тұрғынынан 100 келіден астам марихуана мен 7 келіден астам гашиш тәркіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Сот-наркологиялық сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар  жалпы салмағы 105 келіден астам кептірілген марихуана және 7 келіден астам гашиш екені анықталды. Тергеу барысында күдікті өз кінәсін мойындап, жабайы қарасораны өзі жинап кептіріп, кейін сату мақсатында сақтағанын айтып берді. 

Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Полиция есірткінің заңсыз айналымына қатысты құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша кешенді шараларды жалғастыруда және азаматтарды мұндай деректер туралы "102" нөміріне хабарлауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу