Абай облысында егіс алқабы 22 мың гектарға артты

100

Бұл туралы облысnық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.  

Абай облысында егіс алқабы 22 мың гектарға артты Фото: gov.kz

Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте өңірдегі күзгі дала жұмыстарын жүргізу барысы қаралды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

“Биыл облыс бойынша егіс алқабы 782,1 мың гектарды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 22 мың гектарға артты. Оның ішінде майлы дақылдар – 339,4 мың гектар, дәнді дақылдар – 296,5 мың гектар. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бидай алқабы 11,9 мың гектарға азайып, майлы дақылдар көлемі 42,5 мың гектарға ұлғайды”, – деді баяндама жасаған ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ертай Қуанбаев.

2025 жылғы 6 қазанға дейін 238,9 мың гектар дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналып, 265,2 мың тонна астық қамбаға құйылған. Сонымен қатар, 96,6 мың тонна картоп және 101,6 мың тонна көкөніс пен бақша өнімдері жиналған.

Жиналған өнімді сақтау үшін облыста 4 лицензияланған элеватор және жалпы сыйымдылығы 870,9 мың тонна болатын қоймалар жұмыс істейді. Жалпы, дәнді дақылдардың болжамды түсімі 332 мың тонна.

Биыл 394 жаңа техника сатып алынып, ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту деңгейі 4,5 пайызға жетті. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 6,5 пайызға дейін жеткізу көзделуде.

"Кең Дала" және "Кең Дала-2" бағдарламалары аясында облысқа 18 млрд теңге бөлінді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу