Кеше сағат 17:30-дан бастап Абай облысының Көкпекті ауданында 1985 және 1990 ж.т. екі шопан ҚМ-нің МИ-17 тікұшағының көмегімен іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді, деп жазады inbusiness.kz сайты Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Шопандардың айтуынша, олар малды айдауға шыққан, бірақ Көкпекті өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты қыстаққа өз бетінше орала алмаған.
Құтқарушылардың қабылдаған шараларымен 39 жастағы ер адам "Тассай-Көкпекті" автожолының көпірінен табылды, оны қайықтың көмегімен жағаға жеткізді.
33 жастағы екінші адам таңертең Көкпекті өзенінің маңындағы аралдан табылды. Ол Ми-17 тікұшағының көмегімен жағаға жеткізілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу