Абай облысында екі жаңа аудан құрылады

1570

Абай облысының әкімшілігі бұрын жабылып қалған екі ауданды қайта құруға ниетті.  

Абай облысында екі жаңа аудан құрылады Фото: egemen.kz

Ол Жаңа Семей және Мақаншы ауданы.

Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев журналистермен кездесуде айтты, деп жазады inbusiness.kz Ұлттық арнаға сілтеме жасап.

Жаңа Семей ауданына қала маңындағы ауылдарды біріктіру жоспарланған. Ал, 70 мың халқы бар Үржар ауданын екіге бөліп, бұрынғы Мақаншы қайтадан қалпына келтірілу үшін дайындық жүргізіліп жатыр. Өңір тұрғындары аудандарды жаңғырту бойынша мәселені үнемі көтеріп келген. Халықтың сұрауын іске асыру үшін қазір республикалық комиссия жұмысы жүргізіп жатыр.

"Қазіргі таңда республикалық жұмыс тобы жұмыс жасап жатыр. Қазіргі Үржар ауданын екіге бөлу ісі тұр. Жұмыс маусымға таман бітеді. Үржар ауданы мен бұрынғы Мақаншы ауданы қайтадан құрылатын болады деп ойлаймын", - деді Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу