Абай облысында "Эмиль" өнімдерін шекті бағадан қымбат сату дерегі анықталды

462

Сауда үстемесі 21,52%-дан 34,88%-ға дейін асып кеткен.  

Абай облысында "Эмиль" өнімдерін шекті бағадан қымбат сату дерегі анықталды Фото: Unipack.ru

ҚМА Абай облысы бойынша департаменті "Абай облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар тізіміне кіретін Эмиль" өнімдерінің 1л. көлеміндегі майлылығы 2,5% құрайтын, жұмсақ каптамадағы айран бағасының шекті сауда үстемесінің асып кету фактісін анықтады, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

ЭМТрейд" ЖШС айранды "Эмиль" ЖШС-дан 328 тг. бағасымен сатып алатыны анықталды және кейіннен оны 398 тг. бастап 442 тг дейінгі бағамен сатқан (сауда үстемесінің асып кетуі 21,52%-дан 34,88%-ға дейін). 

Осылайша, бағаның өсуі өнімсіз делдал-дистрибьютордың сауда үстемесінің 15%-дан асып кетуіне байланысты пайда болды.

Департамент пен Абай облысы әкімдігінің бірлескен жұмыс нәтижесінде тұтынушылар үшін айран құнын 13,1%-ға (570 тг.-ден 495 тг.-ға дейін) азайтуға қол жеткізілді.

Қаржылық мониторинг агенттігі өндірушілер мен дистрибьюторлардың ҚР "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының нормаларын сақтау міндетін тағы да еске салады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу