Абай облысында ең алғашқы сайлау өтіп жатыр

648

Абай облысы бойынша 475 сайлау учаскесі құрылған. 

Абай облысында ең алғашқы сайлау өтіп жатыр

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев сайлауда өз таңдауын жасап, журналистерге сұхбат берді, деп жазады inbusiness.kz Абай облысы әкімдігіне сілтеме жасап.

Нұрлан Ұранхаев бұл облыс үшін тарихи күн екенін атап өтті.

"Бұл жай ғана азаматтық белсенділік емес, бұл тұрақты Жаңа Қазақстанды құруға жасалған қадам. Біздің облыс үшін бұл тарихи маңызы бар сәт. Бұл жаңадан құрылған Абай облысының ең алғашқы сайлауы. 5 айлық болса да, біздің Абай облысы қазірдің өзінде осындай маңызды саяси қадам жасап, сайлауға әр ауылдық округтерде, аудандарда қатысуда. Үйткені бүгінгі жасаған таңдау арқылы ертеңімізді айқындаймыз", - деді аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев.

 Сондай-ақ, өңір басшысы облыс тұрғындарын сайлауда белсенділік танытуға шақырды.

Жалпы, Абай облысы бойынша барлығы 475 сайлау учаскесі жұмыс істейді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу