Абай облысында ер адам колония аумағына тыйым салынған заттарды лақтырмақ болды

926

Заң бұзушы оқиға орнында ұсталды. 

Абай облысында ер адам колония аумағына тыйым салынған заттарды лақтырмақ болды Фото: Polisia.kz

Белгісіз ер адам ұялы телефон мен SIM картаны сотталғандар жатқан колония аумағына лақтырмақ болған. Абай облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №20 мекемесінің қызметкерлері тыйым салынған заттардың колония аумағына лақтыруына жол бермеді, деп жазады inbusiness.kz сайты polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тыйым салынған заттарды, скотчпен оралған ораманы лақтыруға тырысқан 50 жастағы Семей тұрғынынан телефон мен керек-жарақтар, атап айтқанда сымсыз және сымды құлаққаптар, қуаттандыру блогы және USB SIM картасының сымы табылып, тәркіленді.

Әңгіме барысында семейлік азамат бейтаныс адамдар осы заттарды лақтыруын өтінгенін мойындады.

"Қазіргі уақытта заң бұзушыға қатысты әкімшілік хаттамалар жасалды", – дейді жедел уәкіл Ерасыл Серікқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу