Абай облысында есірткінің ірі партиясымен тараздық курьер ұсталды

288

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Абай облысында есірткінің ірі партиясымен тараздық курьер ұсталды Фото: Polisia.kz

Абай облысында “синтетиканың” ірі партиясымен Тараздан келген есірткі курьері ұсталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Абай облысында синтетикалық есірткі таратқаны үшін ұсталған Тараз қаласының тумасынан 200 грамнан астам “синтетика” тәркіленді.

Абай облысының полицейлері синтетикалық есірткі заттарын бетбелгі арқылы заңсыз сатумен айналысқан жігітті “ізін суытпай” ұстады. Арнайы операцияны жүргізу барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 35 жастағы азаматты ұстады.

Күдікті “синтетиканы” бетбелгілер арқылы таратқан Жамбыл облысының тұрғыны болып шықты. Ұялы телефонын зерделеу кезінде ол облыс орталығында 50-ден астам синтетикалық бетбелгі қойғаны анықталды. Ұсталған адамның жалдамалы пәтерін тінту барысында полицейлер ақ түсті ұнтақ заты бар полимерлі пакетті, бос зип-пакеттерді, 2 электронды таразыны, фольга орамасын, сараптама қорытындысына сәйкес жалпы салмағы 218,8 гр-ден асатын мефедрон психотроптық заты болып табылатын байламдардың оқшаулағыш таспасын тапты.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу