Абай облысында грантқа түсіруге уәде берген алаяқ 1,6 млн теңгені қалтасына басқан

112

Бородулиха ауданының тұрғыны грантқа түсемін деп, алаяқтықтың құрбаны болды.

Абай облысында грантқа түсіруге уәде берген алаяқ 1,6 млн теңгені қалтасына басқан Фото: canva.com

2024 жылғы маусым айында өзін "Ермекжан" деп таныстырған белгісіз ер адам тұрғынның қызын оқу орнына грант негізінде түсіруге көмектесемін деп, алдау жолымен 1,6 млн теңге көлемінде ақша иемденген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

19 қаңтарда жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, 26 жастағы Семей қаласының тұрғынын ұстады.

Тергеу барысында ол өз кінәсін мойындағанымен, алынған ақшаны қайтару мүмкін болмады, себебі ол қаражатты толықтай жұмсап үлгерген. Тінту кезінде күдіктінің телефонынан алаяқтықты дәлелдейтін жазбаша хабарламалардың скриншоттары табылып, тәркіленді.

Қазіргі уақытта алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктіге шақырту бойынша келу міндеттемесі жүктелді.

Полиция азаматтарға сақтық шараларын ұстануға кеңес береді. Бейтаныс адамдардан күмәнді ұсыныстар түскен жағдайда, олардың заңдылығына көз жеткізбей, ешқандай шешім қабылдамауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу