Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 6 қаңтар күні сағат 14:00 шамасында 32 жастағы жүргізуші ВАЗ-2114 көлігін басқарып келе жатып, "Омбы - Майкапшағай" тас жолында Канонерка ауылы маңында тізгінге ие бола алмай қалған.
Салдарынан қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, қарама қарсы бағыттан келе жатқан көлікпен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір жолаушы қаза тапты.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір бірқатар сараптамалар тағайындалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу