Абай облысында қаңғыбас иттер мен мысықтар үшін орталық салынатын болады

601

Қазір құрылыс алаңының мәселесі шешілуде. 

Абай облысында қаңғыбас иттер мен мысықтар үшін орталық салынатын болады Фото: gov.kz

Аталмыш мәселені бұған дейін облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев мәлімдеген болатын. Осы және басқа да мәселелер жөнінде Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық ветеринария басқармасының басшысы Ержан Барышевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті, деп жазады inbusiness.kz Абай облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

– Биыл қаңғыбас иттерді енді ғана аулай бастасақ та, қазірдің өзінде 35 ит ұсталды. "4 лапы" қоғамдық қорымен келісім-шарт жасадық. Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың тапсырмасы бойынша нысанның орналасатын жерін қала әкімдігі анықтайды. Орын анықталғаннан кейін қаржыландыру мәселесі шешілетін болады, – деді Ержан Барышев.

Азаматтар агрессивті жануарларды байқаған жағдайда, 63-34-43 нөміріне хабарласа алады. Аулау қызметі сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін жұмыс істейді және азаматтардың өтініштерін қабылдайды.

Сонымен қоса, Ержан Барышев басқарманың аса қауіпті ауруларға қарсы ветеринариялық-профилактикалық және диагностикалық іс-шараларды бекітілген жылдық жоспар мен нұсқаулықтарға сәйкес толық көлемде орындағанын атап өтті.

2022 жылы бекітілген жылдық диагностика жоспарына сәйкес бруцеллезге: 811 600 бас ірі қара мал, 1 102 300 бас ұсақ мал, 180 бас жылқы тексерілді.

2022 жылы Семей қаласында типтік жаңа қалалық мал қорымы салынды, ал 2023 жылға 5 мал қорымын салу жоспары бар, - дедi Ержан Барышев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу