Абай облысында қаражат төлеуден жалтарған 26 кәсіпорын анықталды

552

Облыс прокуратурасы жер қойнауын пайдаланушылармен лицензиялық және келісімшарттық міндеттемелер сақталуына талдау жасалды.  

Абай облысында қаражат төлеуден жалтарған 26 кәсіпорын анықталды Фото: Inbusiness.kz

Келісімшарттарға сәйкес, жер қойнауын пайдаланушылар жыл сайын Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымына қаражат төлеуге міндетті.

Талдау барысында аталған қаражатты төлеуден жалтарған 26 кәсіпорын анықталды.

Прокуратураның актісі бойынша келісім-шарттарды тиісінше орындамаған жер қойнауын пайдаланушылардан 105 млн. теңгеден астам қаражат өндірілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу