Абай облысында қарт ерлі-зайыпты мен немересі аяздан үсіп өлді

793

Абай облысында қарт ерлі-зайыпты мен олардың 3 жасар немересі далада үсіп, қайтыс болды.

Абай облысында қарт ерлі-зайыпты мен немересі аяздан үсіп өлді

Қайғылы оқиға Жарма ауданының Терістаңбалы ауылында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Abai news телеграм арнасының хабарлауынша, жас отбасы баланы ата-анасына қалдырған. Олар 3 жасар немересін ертіп көрші ауылға қонаққа барған көрінеді. Қас қарая үйіне қайту үшін жолай кетіп бара жатқан көлікке отырыпты. Алайда ауылға 1 шақырымдай қалған кезде олар көліктен түсіп қалып, жаяу тартқан.

Таңертең олардың денесі табылған.

Жарма аудандық полиция бөлімі қайғылы оқиғаны растады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу