Абай облысында көктайғаққа байланысты жүк көліктері тоқтатылды

117

Тәртіп сақшылары Семей қаласы арқылы транзитпен өтіп жатқан жүргізушілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.  

Абай облысында көктайғаққа байланысты жүк көліктері тоқтатылды Фото: polisia.kz

Облыс орталығына кіреберісте 14 жүк көлігінен құралған колонна тоқтатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Далалы аймақтан келген жүргізушілердің айтуынша, көктайғақ қозғалысты айтарлықтай қиындатқан.

– Жол ауыр, қатты тайғақ. Қалбатау маңында тоқтап қала жаздадық, – дейді Бақтыдан Минск бағытына бет алған жүргізушілердің бірі.

Полиция қызметкерлері көлік жүргізушілеріне қозғалыс бағыттарын нақтылап, қолданыстағы шектеулер туралы түсіндіріп, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында ауа райы түзелгенше жолға шықпай тұруға кеңес береді. Қызмет күшейтілген режимде атқарылуда: жол жағдайы бақылауда болғанымен, қауіп-қатер толық сейілген жоқ.

Полиция автокөлік жүргізушілерін мүмкіндігінше ұзақ сапарларға шықпауға және барлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу