Абай облысында қоқыс полигондары жойылды

287

Заңбұзушылықтарға жол берген бірнеше лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.  

Абай облысында қоқыс полигондары жойылды Фото: ТАСС

Абай облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы Семей қаласы, сондай-ақ Бесқарағай, Бородулиха, Жаңасемей және Аягөз аудандарының аумағында рұқсатсыз қалдықтарды орналастырған 191 орынды анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша барлық рұқсатсыз қоқыс орындары жойылды.

"Жіберілген заңбұзушылықтар үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерінің басшылары, ауылдық округ әкімдері және Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қызметкерлері қатарынан лауазымды тұлғалар тәртіптік және әкімшілік жауаптылыққа тартылды", – делінген прокуратура таратқан хабарламада.

Абай облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы аталған саладағы іс-шараларды жалғастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу