Абай облысында көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

460

Көлікте болған марқұмның екі баласы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Абай облысында көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

Абай облысында екі көлік соғылып, салдарынан жүргізуші қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бородулиха ауданындағы Семей – РФ трассасының 37 км-де Daewoo Espero автокөлік құралын басқарған 24 жастағы жүргізуші 26 жастағы азамат тізгіндеген Toyota camry көлігіне соғылған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota camry көлігін басқарған азамат сол жерде қайтыс болды. Оның екі баласы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігіне (Адам денсаулығына абайсызда ауыр зиян келтіруге әкеп соққан көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу