Абай облысында көше ортасында жасөспірімнің талмасы ұстап, есінен танып қалған

397

Қазір баланың өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Абай облысында көше ортасында жасөспірімнің талмасы ұстап, есінен танып қалған Фото: видеодан алынған кадр

Абай облысында полицей талмасы ұстап қалған баланы құтқарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бала көшенің ортасында талмасы ұстап, қиналып жатады. Өтіп бара жатқан адамдардың ешқайсысы көмектесе алмағандықтан, жедел жәрдем шақырады. Дәл осы кезде тәртіп сақшысы Дастан Толахметов шақыртуға кетіп бара жатты. Полиция қызметкері есінен танып қалған баланы байқап, қасына жүгіріп жетеді. Бала арқасымен жатқандықтан тілі тыныс алу жолдарын жауып, дем алуы қиындаған еді. Ең алдымен полицей баланы аударып, қалыпты тыныс алуы үшін аузын ашады.

— Жедел жәрдем келіп жеткенше баланы қолымнан босатпай, басын ұстап отырдым. Медицина қызметкерлері келген соң баланы оларға тапсырып, арқамнан ауыр жүк түскендей болды, — дейді Дастан.

Полиция қызметкері эпилепсиямен ауыратын 15 жастағы жасөспірімге уақтылы және шешуші көмек көрсете білді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу