Абай облысында көз жұмған тракторшы өрт құрбаны болып есептелмейді – Бас прокуратура

515

Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Мәжіліс кулуарында айтты.

Абай облысында көз жұмған тракторшы өрт құрбаны болып есептелмейді – Бас прокуратура Фото: nur.kz

Абай облысының полицейлері 10 маусым күні хабар-ошарсыз жоғалып кеткен Бесқарағай ауданының тұрғыны Сергей Архиповтың денесін өртті сөндіру орнынан 50 шақырым жерде тапты.

Жүргізілген сот-медициналық сараптаманың қорытындысы оның жүрек жетіспеушілігі салдарынан қайтыс болғанын анықтады. 

Журналистер спикерден "марқұм Сергей Архипов өрт құрбаны болып есептеле ме?" деп сұрады.

"Ол азамат өрт алқабынан тыс басқа жерде табылған. Өрттің салдарынан қаза болмаған. Сол себепті ол азаматтардың (ред. – орман өртінде қаза тапқан) санатына жатқызылмайды", - деп жауап берді ол.

Бұл ретте тілшілер "Демек марқұмның отбасы мен жақындары қандай да бір қолдау шаралары берілмей ме?" деп қосымша сұрақ қойды. 

"Бұл облыс әкімдігінің құзырындағы мәселе. Мемлекет басшысы өрттен зардап шеккендердің отбасыларына жан-жақты көмек беру қажеттігі туралы тапсырма берді ғой. Көмекті беру немесе бермеу облыстық әкімдікке байланысты", - деді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу