Прокуратура органдарымен маңызды инвестициялық жобаларды қолдау бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Абай облысында 1700 жұмыс орнын құрайтын құны 117 млрд теңге болатын "Селекциялық-гибридті ет өндіру орталығының құрылысы" жобасын жүзеге асырушы инвестор 6 ай бойы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қорытындысын ала алмады.
Инвесторға бұған дейін заң талаптарын түсіндірмей, рұқсат құжаттарын беруден бас тартылған болатын.
Прокуратураның үйлестіруімен фронт-офис жұмысы аясында Комитет инвесторға кеңес беріп, Экологиялық кодекске сәйкес ескертуді жою мүмкіндігі бар қорытынды беру туралы шешім қабылдады.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.