Абай облысында құрғақ шөп өртенді

385

Өрттің алдын ала ауданы 4,5 гектарды құрады.

Абай облысында құрғақ шөп өртенді Фото: ҚР ТЖМ

Бүгін, 10 шілдеде сағат 12:35-те "101" пультіне Бесқарағай ауданында Бірлік пен Белокаменка ауылдарының арасында құрғақ шөптің жануы орын алғаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР ТЖМ бапсасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт сөндіру бөлімшелері келгеннен кейін ашық аумақта қамыс, бұта және құрғақ шөп өртеніп жатқаны анықталды.

Өрт 15:18 сағатта оқшауланды. Өрттің алдын ала ауданы 4,5 гектарды құрады.

Орман қоры мен елді мекендерге қауіп жоқ. Қазіргі уақытта өртті сөндіруді құрамында 30 адам және 7 бірлік техника бар Абай облысы ТЖД, ЖАО және "Семей Орманы" МОТР күштері мен құралдары жүзеге асыруда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу