Абай облысында құрғақ шөп жанды

366

Өрттің алдын ала ауданы 3 000 гектарды құрады. 

Абай облысында құрғақ шөп жанды Фото: ҚР ТЖМ

15 шілде "101" пультіне Семей қаласынан 75 км жерде орналасқан Көкентау ауылдық округіндегі құрғақ шөп жанғаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына жергілікті атқарушы органдардан, Абай облысының ТЖД және 68303 әскери бөлімінен күштер мен құралдар дереу жіберілді.

Өртті сөндіруге 115 адам, 18 бірлік техника мен ТЖМ-нің 1 әуе борты жұмылдырылды. Әуе кемесі келген сәттен бастап өрт ошақтарына 16 рет су төкті.

Елді мекендерге қауіп жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу