Абай облысында құрылыс алаңында қабырға құлап, 2 адам қаза болды

89

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Абай облысында құрылыс алаңында қабырға құлап, 2 адам қаза болды Фото: inbusiness.kz

Абай облысының Курчатов қаласында салынып жатқан нысан аумағында қабырғаның бір бөлігі құлап, үйінді астынан екі адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алдын ала мәліметке сәйкес, оқиға 14 наурыз күні дәмхана құрылысы жүріп жатқан жерде болған. Қабырға құлағаннан кейін оқиға орнына жедел қызмет өкілдері жіберілді.

Абай облыстық полиция департаменті бұл дерек бойынша тергеу басталғанын хабарлады.

"Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу салдарынан абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеліп соғу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Әлеуметтік желіде қаза болғандар ерлі-зайыпты болуы мүмкін деген ақпарат тарады. Алайда бұл мәлімет ресми түрде әлі расталған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу