Абай облысында майлы дақылдар алқабы 368,7 мың гектарға жетті

147

Алдағы уақытта "Qazaq Astyq Group" компаниясынын іске қосу жоспарлануда.  

Абай облысында майлы дақылдар алқабы 368,7 мың гектарға жетті Фото: egemen.kz

Мемлекет басшысының егіс алқаптарын әртараптандыру жөніндегі тапсырмасы аясында Абай облысында жоғары рентабельді дақылдардың үлесін арттыру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2026 жылы өңірдегі майлы дақылдар алқабы 368,7 мың гектарды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 29,3 мың гектарға көп. Майлы дақылдар облыстың жалпы егіс алқабының 46,6%-ын алып отыр.

gov.kz

Алдын ала болжам бойынша, биыл майлы дақылдардың жалпы түсімі 534,6 мың тонна болады деп күтіледі. Өнімділік өткен жылғы деңгейде сақталады деген болжам бар.

Қазір облыста жалпы өндірістік қуаты 403,1 мың тоннаны құрайтын тазартылмаған өсімдік майын өндіретін 15 кәсіпорын жұмыс істейді. Қаңтар-шілде айларында олар 139,4 мың тонна өнім өндірген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 58,9%-ға жоғары.

Сонымен қатар қыркүйек айында "Qazaq Astyq Group" компаниясының май өңдеу желісін іске қосу жоспарланған. Кәсіпорын жылына 72 мың тоннаға дейін тазартылған күнбағыс майын өндіре алады. Жобаға 8,3 млрд теңге инвестиция салынған.

Осылайша, Абай облысында ауыл шаруашылығын әртараптандыру және агроөнеркәсіптік кешендегі қосылған құнды арттыру жұмыстары жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу