Абай облысында МӘМС шеңберінде жоғары технологиялық ота жасалады

611

Семей қаласында жедел медициналық жәрдем ауруханасының нейрохирургиялық бөлімшесінде МӘМС есебінен ми тамырларын қалпына келтіру бойынша жоғары технологиялық ота жасалады, деп хабарлайды inbusiness.kz Абай облысының әкімдігіне сілтеме жасап.  

Абай облысында МӘМС шеңберінде жоғары технологиялық ота жасалады Фото: inform.kz

Семей қаласындағы жедел медициналық жәрдем ауруханасының нейрохирург мамандары ишемиялық инсульт кезінде ми тамырларына экстра-интракраниальды микроанастомоздың реконструктивті ота жасай бастады . Қазіргі уақытта осындай екі операция жасалған. Дегенмен, науқас мұндай қызмет түрін алуы үшін МӘМС жүйесінде сақтандырылуы тиіс.

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры өңір тұрғындарына МӘМС жүйесінде төлемнің жаңа балама әдісін пайдалануды ұсынады. 5 қыркүйектен бастап тұрғындар алдын-ала бір жылға сақтандырыла алады. Ал оған дейінгі 12 айдағы қарызды өтеудің қажеті жоқ", – делінген хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу