Патрульдік қызмет барысында полиция Lada Priora автокөлігін тоқтатты. Көлік жүргізушісі жолда қауіпті маневр жасап, басқа көлік қозғалысына кедергі келтірген, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Тексеру барысында 29 жастағы жүргізушінің орташа деңгейде алкогольдік масаң күйде екені медициналық сараптама нәтижесінде расталды.
Енді құқықбұзушыға келесі жазалар тағайындалуы мүмкін:
- 7 жылға дейін жүргізуші куәлігінен айыру,
- 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу.
Полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың мұндай жағдайларына қатаң шаралар қолданатынын және құқықбұзушылардың заң бойынша міндетті түрде жауапкершілікке тартылатынын еске салады.
2025 жылдың басынан бері Абай облысында полиция мас күйінде көлік басқарудың 7 фактісін анықтап, олардың алдын алған.