Абай облысында мектеп қызметкерлерінің жеке мәліметтерін таратқандар айыппұл төледі

136

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Абай облысында мектеп қызметкерлерінің жеке мәліметтерін таратқандар айыппұл төледі Фото: canva

Бородулиха ауданының прокуратурасы 3 орта мектептің 194 қызметкерінің жеке мәліметтерінің тарап кеткенін анықтады.

Білім беру мекемелері мемлекеттік сатып алу бойынша медициналық тексеруден өту үшін қызметкерлердің тізімдерін жариялаған.

Онда барлық қызметкерлердің жеке мәліметтері, оның ішінде толық анкеталық мәліметтер, ЖСН және басқа да ақпараттар көрсетілген.

Аудан прокуратурасы мектеп директорларын Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 79-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартып, 1 миллион теңгеден астам айыппұл салды, сондай-ақ олар тәртіптік жазаға тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу