Абай облысында мемлекеттік орман табиғи резерваты тағы өртке оранды

527

Астана қаласы мен Қарағанды облысынан күштер мен құралдары өрт орнына қосымша жіберіледі. 

Абай облысында мемлекеттік орман табиғи резерваты тағы өртке оранды Фото: ҚР ТЖМ

4 тамызда сағат 15:30-да ТЖМ Абай облысындағы бөлімшелеріне Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қарамағындағы "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында өрт туралы хабарлама келіп түсті.

Әуеден барлау және су төгу құрылғысын пайдалана отырып, өртті сөндіру үшін ТЖМ Қазавиақұтқару және Қорғаныс министрлігінің тікұшақтары жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта ТЖМ мен орман шаруашылығының тартылған күштері мен құралдарының саны шамамен 130 адамды және 25 бірлік техниканы құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу