Абай облысында мемлекеттік сатып алу саласында бұзушылықтар анықталды

440

Абай облыстық прокуратурасы биыл 17,6 млрд теңгеге 304 мемлекеттік сатып алу бойынша бұзушылықтарды анықтады. 

Абай облысында мемлекеттік сатып алу саласында бұзушылықтар анықталды Фото: inbusiness.kz

Оның ішінде құзырлы орган 12,7 млрд теңгеге 55 заңсыз сатып алудың алдын алды.

 Ақпаратқа сәйкес, 10 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

“Оның ішінде 1 аудандық маңызы бар қаланың әкімі бар. Тәртіптік жауапкершілікке 27 тұлға, оның ішінде 2 кент әкімі және 2 аудандық бөлім басшысы тартылды”, - делінген облыстық прокуратураның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сатып алуды тиісті емес тәсілмен өткізу, жобалық-сметалық құжаттамасыз жариялау, бәсекелестік ортаны болдырмайтын жоғары талаптар қоюмен байланысты бұзушылықтар жиі жасалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу