Абай облысында мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту орталығы ашылды

532

Шараға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов, Абай облысының әкімі Нұрлан Уранхаев және басқа да ұйымдардың өкілдері қатысты.  

Абай облысында мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту орталығы ашылды Фото: gov.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында Семейде мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту орталығы ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бұл оңалту орталығы 150 орынға есептелген. Өңірдің шет аймақтарында тұратын мүгедектігі бар адамдарға қызметтерді қолдануға және оңалту кезеңінде тәулік бойы тұруға мүмкіндік береді", - деді Ербол Оспанов.

Сондай-ақ, вице-министр сөз барысында 2025 жылға дейін еліміздің әр өңірінде ашылатын 12 оңалту орталығының бірі екенін атап өтті. Осындай оңалту орталықтары 2 мыңға жуық адамды арнайы әлеуметтік қызметпен қамтамасыз етеді.

Биыл дәл осындай орталық Түкістан, Жамбыл және Ақтөбе облыстарында ашылады деп жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу