Абай облысында мұз астына түсіп кеткен баланың денесі табылды

297

Баланы табу үшін қолмен ойықтар жасалды.

Абай облысында мұз астына түсіп кеткен баланың денесі табылды Фото: Polisia.kz

Баланың мұз астына түскенінен 3 сағат өткен соң, жергілікті еріктілер баланың денесін тапты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Қайғылы оқиға 22 желтоқсанда Үржар ауданында болды. Бес жасар бала әлі қатып үлгермеген Қарақол өзенінде ойнап жүрген.

"Баланы табу үшін қолмен ойықтар жасалды. Баланың денесі құлау орнынан 75 метр қашықтықта табылды", - деді Үржар полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Ролан Оразғалиев. 

Полиция департаменті марқұмның отбасына көңіл айтады және азаматтардан өз өміріне қауіп төндірмеуін және мұзға шықпауын сұрайды.

Айта кетсек, 22 желтоқсан күні сағат 12:54-те Үржар полиция бөлімінің "102" арнасына учаскелік полиция инспекторының хабарламасы келіп түскен. Ол Таскескен ауылында балалардың бірі мұз астына түсіп кеткенін хабарлады.

5 жасар екі бала ауылдың шетінде орналасқан Қарақол өзенінде толық қатпаған мұз үстінде ойнаған. Мұз жарылып, балалардың бірі мұздың астына түсіп кеткен.

Осы сәтте екінші бала ересектерге көмек сұрауға жүгірді. Куәгерлер өздерінің учаскелік инспекторына қоңырау шалды. Ол дереу оқиға орнына барып, құтқарушыларды шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу