Абай облысында науқастарға мерзімі өтіп кеткен препарат қолданылған

167

Vедициналық мекеменің 12 қызметкері тәртіптік жазаға тартылып, 1,5 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды.

Абай облысында науқастарға мерзімі өтіп кеткен препарат қолданылған Фото: canva.com

Абай облысындағы мекемелердің бірінде Мақаншы ауданының прокуратурасы көптеген заңбұзушылықты анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тексеру барысында дәрі-дәрмектің дұрыс сақталмауы, құрамында есірткі бар ампулалардың уақтылы жойылмауы және дәрі-дәрмектердің дұрыс тағайындалмауы секілді фактілер әшкере болды. 

Сонымен қатар, ота жасау кезінде науқастарға мерзімі өтіп кеткен "Кетам" анестезия (наркоз) препараттарын қолдану фактілері орын алған.

Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде медициналық мекеменің 12 қызметкері тәртіптік жазаға тартылып, 12 тұлғаға ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабы бойынша 1,5 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу