Абай облысында ойнап жүрген балалар 82 тонна шөпті өртеп жіберді

313

Шығын көлемі 4 млн теңге.

Абай облысында ойнап жүрген балалар 82 тонна шөпті өртеп жіберді Фото: Polisia.kz

Абай облысында сіріңкемен ойнаған балалар 82 тонна шөпті өртеп жіберді, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Ақсуат ауданындағы жергілікті тұрғындардың бірінің үйінде болды.

Полицейлер шөпті екі бала өртеп жібергенін анықтады. Жергілікті мектеп оқушылары сіріңкемен ойнап отырып, кездейсоқ шөпті өртеп жіберген. 

Шығын көлемі 4 млн теңгені құрады. Балалар келтірген залалды олардың заңды өкілдері қалпына келтіруі керек.

ҚР ҚК-нің 202-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Егер балалардың қараусыз қалуы нәтижесінде өрт біреуге зиян келтірген орын алса, онда ата-аналар бұл үшін заңда белгіленген тәртіппен жауап беретінін есте ұстаған жөн.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу