Абай облысында оқушылар 85 жастағы әженің өмірін сақтап қалды

360

Аудан әкімдігі "Жас сарбаз" сыныбының оқушылары мен жетекшісіне алғыс білдіріп, олардың ерлігі мен адамгершілігін ерекше атап өтті. 

Абай облысында оқушылар 85 жастағы әженің өмірін сақтап қалды Фото: Абай облысының әкімдігі

Көкпекті ауданында мектептің "Жас сарбаз" сыныбының оқушылары "Үлкенге құрмет" акциясының аясында қариялардың аулаларын қардан тазартып, үй жұмысына көмектесіп жүр.

Кезекті мәрте қолғабыс етуге шыққан Расул Бақтыбеков, Ертай Айыпқазы, Ерасыл Дәуітхан жалғызбасты Фелисада Арабеж әжейдің үйіне барады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Әжейдің үйіне офицер-тәрбиешіміз Талғат Тоқтарұлының жетекшілігімен бардық. Біз келгенде үйдің ішкі жарығы қосылып тұрды. Есікті қағып, қоңырау соғып едік, жауап болмады. Бұл бізге күмән туғызып, көршілерден әжейді соңғы рет қашан көргенін сұрадық. Олардан қарияны соңғы 2 күннен бері сыртқа шықпағанын ести сала шұғыл әрекет жасауға шешім қабылдадық", – дейді оқушылардың бірі Ертай Айыпқазы.

Көршілермен бірге терезені сындырып, ішке енген оқушылар әжейдің ес-түссіз жерде жатқанын көреді. Бірден жедел жәрдем шақырып, дәрігерлер қажетті ем-домын жасаған.

Осылайша, оқушылар мен олардың тәрбиешісінің қырағылығының арқасында бір адамның өмірі құтқарылды. 85 жастағы Фелисада Арабеж әжей қазір ауруханада ем қабылдауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу