Ведомствоның хабарлауынша бұрынғы Төтенше жағдайлар министрі туралы желіде тарап жатқан ақпараттар шындыққа жанаспайды.
"Әлеуметтік желілердегі видеода Төтенше жағдайлар экс-министрі Юрий Ильин Абай облысындағы орман өрті кезінде Дубайда жүрген болуы мүмкін екені айтылған. Ол шындыққа жанаспайды. Өйткені экс-министр 8-9 маусым күндері Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барған болатын", – деп жазылған ресми хабарламада.
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі Ильиннің Абай облысындағы өртке байланысты СҚО-ға жұмыс сапарын тоқтатқанын да атап өтті.
"Ол ТЖМ-нің Дағдарыс жағдайларында басқару орталығындағы штабқа өзі жетекшілік етті", - деп хабарлады ведомствода.
Еске сала кетсек, 10 маусым күні Мемлекет басшысының Жарлығымен Юрий Ильин Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатылған еді.