Абай облысында өртті сөндіру үшін тікұшақ тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бородулиха ауданымен шекарада Батпаев орманшылығында қайтадан орман өрті басталды. Абай облысының ТЖД күштері мен құралдары облыс әкімі Нұрлан Уранхаевтың тапсырмасы бойынша "Семей орманы" Мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағындағы өртті жедел жоюға жәрдем көрсетуде.
Облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариковтың хабарлауынша, қазіргі уақытта келіп түскен техникадан басқа тағы бір тікұшақ жұмылдырылған.
"Шамамен бір сағаттан кейін екінші тікұшақ іске қосылады, ол Өскеменнен ұшады. Өрттен елдімекендерге қауіп жоқ", - деп атап өтті Димитрий Гариков
Өрт сөндірушілер қызыл жалынды сөндіру үшін бар күшін жұмылдырады.