Абай облысында орманды жер учаскелері мемлекетке қайтарылды

354

58,32 гектар жер мемлекетке қайтарылды. 

Абай облысында орманды жер учаскелері мемлекетке қайтарылды Фото: freepik

Абай облысының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы орман пайдаланушылар берілген ауданы 58,32 га мемлекеттік орман қоры учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбай отырғанын анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты облыстық прокуратураның ресми сайтына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, бұл учаскелерге олар демалу, емделу, спортпен шұғылдану және туризм үшін жағдай жасауы керек еді.

“Сонымен қатар берілген 9,82 га жер телімінің 2 учаскесі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының шекаралық белдеуінде орналасқаны белгілі болды. Бұл Жер кодексінің талаптарына қайшы келеді. Қабылданған шаралармен сот шешімімен мемлекеттік орман қорының жер телімін пайдалану шарты бұзылып, 1,5 га жер телімі мемлекетке қайтарылды”, - делінген хабарламада.

Аумағы 1,9 га құрайтын 1 учаске өз еркімен қайтарылды, қалған учаскелер бойынша талап-арыздар беріліп, материалдар сотта қаралып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу