Абай облысында өрт кезінде қаза болған Айдос Тоғызбаевқа мемориалдық тақта ашылды.

619

Қызметтік борышын өтей жүріп қаза тапқан, Айдос Ерұланұлы Тоғызбаев батырлығы үшін III дәрежелі "Айбын" ордені Мемлекеттік наградасымен марапатталған.

Абай облысында өрт кезінде қаза болған Айдос Тоғызбаевқа мемориалдық тақта ашылды.

Өрт сөндіру бекетінің жүргізушісі, азаматтық қорғау сержанты, Айдос Ерұланұлы өткен жылы Жарма ауданы Божүгір ауылы маңында  болған табиғи өртті сөндіру кезінде қаза тапқан болатын. Оқиға болған күні өрт сөндірушілердің екі бірдей арнайы көлігі қалың оттың ортасында қалып жанып кеткен еді. Сол кезде қызыл жалын ортасынан қауіпсіз жерге шықпақ болған, Айдос Тозызбаевтың денесін күйік шалған. Кейіннен өрт сөндіруші ауруханада көз жұмды.

Меморалдық тақтаның ашылуына Айдос Тоғызбаевтың туыстары, ауылдастары мен әріптестері қатысты. 

Айдос Тоғызбаев жас қызметкерлер мен өскелең ұрпақ үшін батылдық пен табандылықтың үлгісі болып қалатыны анық. Оның жасаған ерлігі біздің жадымызда мәңгі сақталады. Сол бір қайғылы күні Айдос өз ісіне деген адалдығының арқасында ерлік пен кәсібилік көрсетіп, күрделі әрі қауіпті жағдайда сабырлық таныта білген. Өміріне төнген қауіп-қатерге қарамастан өзінің қызметтік міндетін батырлықпен орындаған жауынгер досымызға құрмет көрсету үшін жиналдық. Отанымыздың лайықты ұлын тәрбиелеген Айдостың ата-анасына зор алғысымды білдіргім келеді. Айдосты есте сақтап, құрметтеу және өскелең ұрпақты осындай батылдық үлгісімен тәрбиелеу біздің міндетіміз-дейді Абай облысы ТЖ Департаментінің бастығы, Манарбек Шапағатов.

Жиналғандар марқұмды бір минуттық үнсіздікте еске алып, ескерткіш тақтаға гүл шоқтарын қойды. 

Қызметтік борышын өтей жүріп қаза тапқан, Айдос Ерұланұлы Тоғызбаев батырлығы үшін  Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен III дәрежелі "Айбын" ордені Мемлекеттік наградасымен марапатталған.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу