Абай облысының полицейлері 10 маусымда трактормен өрт сөндіруге көмектесуге аттанып, жоғалып кеткен Бесқарағай ауданы Долон ауылының тұрғыны Сергей Николаевич Архиповтың мәйітін тапты, деп хабарлайды Inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ер адамның денесі қызметтік иттің көмегімен өртті сөндіру орнынан 50 шақырым жерден табылды, зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Қызметтік ит Абай облысы ПД-нің кинологиялық есебінің құрамында іздеуге атсалысып, трактор табылған жерден орман жолағына дейінгі ер адамның ізін тапқан.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілуге жатпайды.